«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де педагог-психолог И.В. Григорьева шағын орталығының тәрбиеленушілерімен «Алақандағы ғаламшар» атты экологиялық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар табиғатқа ұқыпты қарау негіздерімен танысып, қоршаған ортаны сақтаудың не үшін маңызды екенін білді. Мұндай сабақтар балаларда экологиялық мәдениетті, табиғатқа деген сүйіспеншілікті және оны ерте жастан сақтау жауапкершілігін қалыптастырады.