"Мектепке жол" республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Акцияның ұраны: Жақсылық жаса.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекте.
"Мектепке жол" республикалық акциясы оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында .
Акцияның ұраны: Жақсылық жаса. Басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекте.