Образование
21.09.2026
«Заң және еңбек: өмірлік таңдаудағы жауапкершілік».
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де кәсіби бағдарлаушы М.О. Зайдензаль 9-11 сынып оқушыларына болашақ кәсіп пен өз өмірлік жолын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында «Заң және еңбек: өмірлік таңдаудағы жауапкершілік» атты уәждемелік интерактивті алаң өткізді. Кездесу барысында оқушылар еңбектің, жеке жауапкершіліктің және кәсіби қызметте заңды сақтаудың маңыздылығын талқылады.
