Образование
30.04.2026
2026 жылдың 29 сәуірінде «English Song Contest – 2026» облыстық ән байқауының облыстық кезеңі өтті.
2026 жылдың 29 сәуірінде «English Song Contest – 2026» облыстық ән байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған талантты әрі шығармашыл оқушылар қатысып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін, вокалдық қабілеттерін және сахналық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Тоқсан би орта мектебі» КММ 3-сынып оқушысы Рымарчук Виолетта І орынға ие болды. Оның өнері қазылар алқасын әсерлі орындауымен, анық дыбысталуымен және жарқын сахналық бейнесімен тәнті етті.
Виолеттаның жеңісі — оның тынымсыз еңбегінің, табандылығының және ұстаздары мен ата-анасының қолдауының нәтижесі. Бұл жетістік тек оқушы үшін ғана емес, бүкіл мектеп үшін де үлкен мақтаныш.
Рымарчук Виолеттаны лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!
