23 наурыз күні сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қатысты. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға, оған әлемнің түкпір-түкпірінен екі миллиардтан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – ғаламшарымыздың табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Акция барысында WWF ғаламшардың болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады.