Оқу жылы бойы, жоспарға қарай, оқушылар арасында буллингтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Тұлғааралық қарым-қатынастарда жанжалдардың алдын алу мен толеранттылықты арттыру үшін 8-10 сыныптарға “Жасөспірім арасында буллингтің алдын алу” практикалық сабағы өтті. Психикалық зомбылыққа, буллингке жағымсыз қарауды қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушылары үшін “Адамгершілік заңы әр адамның ішінде” дәрісі өткізілді. Балалармен буллинг түрлері, қудалау түрлері қарастырылды, буллингке қарсы тұру нұсқаулықтары, пайдалы кеңестер, оқуға кітаптар тізімі берілді.
Оқу жылы бойы буллингтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Тұлғааралық қарым-қатынастарда толеранттылықты арттыру үшін “Жасөспірім арасында буллингтің алдын алу” практикалық сабағы өтті.