Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1634191105

"Тоқсан би орта мектебі" 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
                
  • kz
  • ru
  • en
  • Барлық жаңалықтар

    Категории

    Украинаның мұқтаж азаматтарына Қазақстаннан гуманитарлық көмектің тағы бір партиясы жөнелтілді


    🇰🇿🇺🇦 Украинаның мұқтаж азаматтарына Қазақстаннан гуманитарлық көмектің тағы бір партиясы жөнелтілді
    🛫 Бүгін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтарына гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізуге арнайы рейс ұйымдастырды.
    📦 17,5 тонна жүктің ішінде азық-түлік, төсек-орын сынды бірінші қажеттілік бар. Бұған дейін Қазақстан 28,2 тонна 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға, жөтелге және гипертонияға қарсы препараттар түріндегі гуманитарлық көмек жіберген болатын.
    📍Бұл көмек Украина тарапының үндеуінің негізінде Мемлекет басшысының бұған дейінгі тапсырмасына сәйкес жіберілді.
    Жүк жеткізген ұшақпен қайтар жолда Украинадан Польшаға келген Қазақстан Республикасының бірнеше азаматы мен олардың отбасы мүшелерін дипломаттардың көмегімен алып қайту жоспарланып отыр.
    29.03.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    "АМАNАТ 111" БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

    Сенім телефоны

    Психологиялық көмек телефоны