Қазақстан Республикасындағы ұлттық кітап Күніне арнап, кітап арқылы оқуды балалар арасында насихаттау, қазақстандық әдебиетке қызығушылықты арттыру, ұлттық мәдени мұрасын сақтау және жылжыту үшін "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің кітапханашысы Т.В.Смола бастауыш сынып оқушыларына "Кітаптар әлеміне саяхат" іс-шарасын өткізді.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 6 және 7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Зайдензаль М.О. және Крот Л.А. түрлі этнос өкілдерінің арасында достық қарым-қатынас, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу үшін «Достық - елдің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Жыныстық тәрбие мәселесіне дұрыс көзқарасты қалыптастыру, жыныстық қол сұғылмаушылықты сақтаудың маңыздылығын сезіну, ерте жүктіліктің алдын алу және жауапты мінез-құлық дағдыларын нығайту мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 7-9 сынып қыздарымен «Ашық әңгіме» тақырыбында сөйлесті.