«Айсұлу» шағын орталығында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында «Менің Отанымның рәміздері» тақырыбы зерделенуде, сабақтарда балалар еліміздің Мемлекеттік рәміздерін үйренуде.
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Салауатты өмір салты - табысты болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық сабақ өткізілді.
Психологиялық салауаттылық апталығы аясында педагог-психолог И.В. Григорьева педагогтер арасында «Күйзеліске төзімділік құпиялары: күштерді қалай сақтау керек» атты ақпараттық жадынамалар әзірлеп, таратты.
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде бастауыш сынып мұғалімі О.С.Соболь Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 49 ұстазы қатысқан облыстық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңінде 1 орынды иеленді.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де қауіпсіз және психологиялық қолайлы білім беру ортасын қолдау үшін «Мектеп - сенім аумағы» психологиялық салауаттылық апталығы басталды.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде «Тоқсан би орта мектебі» КММ командалары 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында «Жастар» жазғы спартакиадасы аясында аудандық волейболдан жарысқа қатысты.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің кітапханасында жыл сайын 2 сәуірде атап өтілетін Халықаралық балалар кітабы күніне арналған танымдық сағат өтті. 0,1-4 сынып оқушылары мерекенің тарихы, оның маңызы мен дәстүрлері туралы білді.