Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары үшін «Токсан би орта мектебі» КММ-де 14 ақпанда «Құқықтық сауаттылық сабағы: жанжал емес, толеранттылық, құрмет»тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
2024 жылғы 8 ақпанда Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.К. Төрегелдіев пен курсант А. Б. Крюкова Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша жоғары сынып оқушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ағылшын тілінің мұғалімі Аяган А.Б. “Неженка орта мектебі” КММ-нде “Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама.” жас педагогтар Апталығының жабылуына қатысты.