Облыстық "Сенімді тұтынушы" олимпиадасы
2023 жылдың 27-сәуірінде СҚО “ Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар мен әдістемелік жұмыс орталығы” өткізетін облыстық “Сенімді тұтынушы” олимпиадасының аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Қалымтай Мирас, 7-сынып оқушысы Дильдебаев Таир, ең үздік нәтиже көрсетіп, 1-орын алды, 9-сынып оқушысы Григорьев Артем 3-орынға ие болды. 4-мамыр күні Петропавловск қ. облыстың 33 оқушылары арасында Қалымтай М. - 2-орын, Дильдебаев Таир грамотаны алды. Жүлдегерлерді дайындыған информатика пәнінің мұғалімі Дильдебаева В.С.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне мерекелік іс-шаралар
Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне мерекелік іс-шаралар өтті. Педагогтар мен оқушылар “Соғыс әуендері” әдеби-музыкалық құрылымын дайындады. Әр сынып Отанымыздың ерлік тарихына арналған көркем нөмер көрсетті. Іс-шараның әрбір қатысушысы өнер көрсетуге эмоционалдық үн қосты. “Жас Ұлан” ұйымының мүшелері салтанатты түрде Азат жауынгері ескерткішіне гүлтәжін қойды.
Өз Отанымызда біргеміз
Қазақстан халқы бірлігінің Күні қарсаңында 1-10 сынып оқушыларына "Өз Отанымызда біргеміз" бірлік сағаттары өтті.
Жалпыұлттық патриоттық диктант "Еркін ел ұрпағы"
4 мамыр күні сағат 11.00-де мамыр мерекелері қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен "Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант өтеді. Диктант жазушылардың жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды.
Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу
Тоқсан би орта мектебінде 8-10 сыныптардың оқушыларына олардың бір-біріне достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу іс-шарасы өтті.
iQanat олимпиадасының соңғы кезеңіне шығу
20 сәуірде ауыл оқушыларына арналған iQanat олимпиадасының Петропавл қ. өткен облыстық турының қорытындылары жүргізілді, оған Новоишим ауылында 08.11.2022 жылы өткен аудандық турына 8 cынып оқушысы Григорьев Артём қатысты. Артём 18 маусымда Астана қ. олимпиаданың финалына қатысады.
“Қауіпсіз терезелер” республикалық ақпараттық науқаны
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 3-14 сәуір аралығында “Қауіпсіз терезелер” республикалық ақпараттық науқан шеңберінде, ол мүмкін болатын қасіреттердің болдырмауына бағытталған, ата-аналар мен балалармен түсіндіру жұмысы өткізілді.
"Шахмат ойыны" челленджіне қатысу
<div> </div><div>Шахмат ойыны - ежелгі интеллектуалды ойын, логикалық ойлауға, талдауға үйретеді. 12 сәуір күні “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің педагогтары мен оқушылары “Шахмат ойыны” республикалық челленджіне қатысты.</div>
Төтенше жағдайдағы оқу жаттығу
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде 5 сәуір күні оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың төтенше жағдайлар кездерінде оқу жаттығуы өтті. Бұл оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың дайындығының Бірыңғай күні.
Аудандық пікірталас турниріне қатысу
9-сынып оқушылары Калымтаева Алина, Мотова Эллина, Филюкова Мария пікірталас турнирінің аудандық кезеңіне қатысып, қорытындысында үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Наурызды тойлау кезінде
Наурыз мейрамы келді. Мерекелік бағдарламада қазақ және орыс тілдерінде әндер, өлеңдер орындалды. Барлық ұлттық дәстүрлер сақталды. Наурызды тойлау кезінде спорт жарыстары, ұлттық ойындар өткізілді.
"Жоралғы күні" күйлерді тыңдау
Ұлттық әдет-ғұрып мен дәстүрлерді сақтауға арналған "Жоралғы күні" 5-10 сыныптар оқушылары қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің орындауында "Көрұғылы", "Әлқисса", "Балбырауын", "Сары Арқа" күйлерін тыңдады.
