Шахмат бойынша мектепішілік олимпиада
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай 2-10 оқушылар арасында шахмат бойынша мектепішілік олимпиада өтті.
Пікірталастың аудандық кезеңіне қатысу
Пікірталас клубының мүшелері Мотова Э. мен Филюкова М. Zoom арқылы аудандық турнирге қатысты. Пікірталас - интеллектуалды ойын, ол пікір сайысының ерекше түрі болады, белгілі ережелер бойынша жүргізіледі.
"Сүйемін сені, менің Қазақстаным!" байқауы
https://www.youtube.com/watch?v=G5bvmGWlCZY

Республикалық"Сүйемін сені, Қазақстаным!"байқауы аудандық кезеңінде 3 сынып оқушысы Нурмамадов Амир 1орын алды. Мектептің Yotub-арнасында видео жарияланған.

Ғабит Мүсірепов - қазақ театрының хас шебері
Ғабит Мүсірепов - қазақ драма өнерінің хас шебері. Махаббат эпосына драматург көп өзгерістер енгізді, өз шешімін тапты. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің 9-сынып оқушылары Ғабит Мүсіреповтың " Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" пьесасы бойынша қойылымын қос анаға арнады.
Зорлық-зомбылықсыз 16 күн
Тоқсан би орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Акциясы аясында 5-10 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылыққа - ЖОҚ!" үгіт-насихат жұмысы өткізілді.
"Жыл оқушысы" байқауы
10-сынып оқушысы Калымтаева Томирис республикалық "Жыл оқушысы" байқауының аудандық кезеңінде 10-11 сыныптар тобында 2 орын алды. Байқау үш кезеңнен болды: өзін-өзі таныстыру, эссе және шешендік шеберлік сайысы. Құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
IQanat олимпиадасына қатысу
IQanat қоры Қазақстанда ауыл оқушыларына сапалы білім алуға көмектеседі. 2022 жылдың 8 қарашасында 8-сынып оқушылары Григорьев Артём, Бенга Артём ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты.
Көпжылдық ерең еңбегі үшін марапат
Рымарчук В.Г. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің кәсіподақ комитетін 15 жылдан астам уақыт басқарады, оның педагогикалық өтілі 37 жыл құрайды. Валентина Георгиевна көпжылдық ерең еңбегі үшін тамыздық конференциясында ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 6 қарашасына дейін Discovery Borovoe шипажайына жолдамамен марапатталды.
Жас ұстаздар форумы
Ағымдағы жылдың 4-қарашасында "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің жас педагогы Түкен К.Н. Петропавл қ. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық "Жас ұстаз - табысқа апарар жол" форумына қатысты. Бағдарламада оқыту мәселелері бойынша тақырыптық алаңдар, топтар құру, сезімдік мәдениетін дамыту тренингтері, шеберлік сыныптар болды.
Күзгі бал
Күзгі демалыста “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде күн сайын оқушылар сынып жетекшілерімен ұжымдық шығармашылық істі өткізуге дайындалды. Ал міне - 2022 жылдың 3 қарашасында дәстүрлі “Күзгі бал” өтті. Әр сынып көркем нөмерлер көрсетті. Мереке жанға әсерлі, көңілді болды, барлығы белсенділік және әртістік қабілеттерін білдірді.
Футзалдан аймақтық жарыстар
Демалыс күндерінде 2022 жылдың 2 қарашасында ұлдар мен қыздар топтары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Крот Л.А.-ның жетекшілігімен Урожайный ауылында футзал бойынша аймақтық жарыстарға қатысты.
Республиканың күніне арналған іс-шаралар
Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнінің жоспары бойынша Тоқсан би орта мектебінде салтанатты сапқа тұру өтті, сынып сағаттары, теннис, футзал, тоғызқұмалақ бойынша мектепішілік жарыстар өткізілді, тақырыптық стендттер рәсімделді.