Меню KDT
МЕНЮ
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
«Тоқсан би орта мектебі» КММ

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

Жазғы алаңдағы алғашқы кезең

Демалыс - тамаша уақыт! Балалардың демалысын қызықты және әсерлі етуді мектеп жанындағы жазғы алаң көздейді. Балалар сайыстар мен ойындарға қатысып, асфальтта суреттер салады, спорт жарыстарына қатысады. Олар сергектік пен денсаулықтың қуатын алады.

"Қарлығаш" сауықтыру лагерінде демалу

"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің 4-сынып оқушысы Диана Смирнова "Қарлығаш" балаларды сауықтыру лагерінде демалды. Бірінші кезеңнің бағдарламасында көптеген қызықты іс-шаралар және тренингтер болды. Диана демалысына риза және оңды сезімдерге толы.

Балалардың жазғы демалысы

5 маусымнан балаларды жазғы демалыспен қамту үшін мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Күн сайын педагогтар таза ауада қызықты ойындар өткізеді, шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қатынас дағдыларын, топта өзара әрекеттесу біліктілігін дамытады.

"Жас сарбаз" жорығы

"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде жаз демалыс шеңберінде туристік дағдыларды алу, қоршаған ортаны тереңірек зерделеу қызығушылықты қалыптастыру үшін бір күндік "Жас сарбаз" жорығы өтті.

"Туған өлке" этноауылында

2023 жылдың 10 маусымында мектеп оқушылары Новоишим елді мекендегі "Туған өлке" этноауылында болды, ол балаларды қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысына, оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне бейімделуге ұйымдастырылған.

Буллингтің алдын алу

Оқу жылы бойы, жоспарға қарай, оқушылар арасында буллингтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Тұлғааралық қарым-қатынастарда жанжалдардың алдын алу мен толеранттылықты арттыру үшін 8-10 сыныптарға “Жасөспірім арасында буллингтің алдын алу” практикалық сабағы өтті. Психикалық зомбылыққа, буллингке жағымсыз қарауды қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушылары үшін “Адамгершілік заңы әр адамның ішінде” дәрісі өткізілді. Балалармен буллинг түрлері, қудалау түрлері қарастырылды, буллингке қарсы тұру нұсқаулықтары, пайдалы кеңестер, оқуға кітаптар тізімі берілді.

Жазда қауіпсіздікті сақтау

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында білім алушыларымен қауіпсіздік техникасын, жол жүру ережелерін сақтау, суда, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өзін ұстау ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.

Мемлекеттік рәміздер күніне

Мемлекеттік рәміздерін тойлау бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде "Білімім - байрағым мен ұраным!" ашық сабақтар, "Мемлекеттік рәміздер - ұлттың айшықты таңбасы!" сынып сағаттары өтті.

Балаларды қорғау күні

1маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні демалыс мезгіліндегі балалардың қамтылуы мен жазғы демалуын ұйымдастыруға арналған мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Шағын орталықтың тәрбиеленушілері мен 1-6 сынып оқушылары қызықты сайыстар мен эстафеталарға белсенді қатысты. Мерекеге қатысушыларды ерекше қонақтар бойлы қуыршақтар қуанышқа бөледі. Балалар барынша жемістер, тәттілер, шырындардың дәмін рақаттанып татты. Іс-шараның демеушілері "Западное-CҚ" ЖШС, "Агро-Беркут" ЖШС-не үлкен рақмет!

"Соңғы қоңырау" мерекесі

1 маусымда "Соңғы қоңырау" салтанатты жиынымен 2022-2023 оқу жылы аяқталды. Оқу үздіктері Мақтау қағаздарымен марапатталды, "Западное-СК" ЖШС мен "Агро-Беркут" ЖШС атынан ақшадай сыйлақтырмен аталып өтті. Мектеп директоры Воронцова А.С. оқушыларға жеңістер мен интеллектуалды байқаулар мен олимпиадалардағы жүлделі орындары үшін грамоталар берді. Мереке әсерлі және жүрекке жағымды өтті. 9-cынып түлектері мектеп вальсының ырғағымен билеп жүрді, әндер және тілектер айтылды.

Жазғы мезгілде жол ережелерін, қауіпсіз техникасының ережелерін сақтау

23 мамырда "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде учаскелік қызметкер Исмагулов С.Т., әлеуметтік педагог Ремпель М.Г., ТЖ бойынша директордың орынбасары Афанасьева Л.В. жазғы мезгілде жол ережелерін, қауіпсіз техникасының ережелерін сақтау бойынша оқушылармен түсіндіру жұмысын жүргізді.

"Біздің мектеп буллингке қарсы" жалпыреспубликалық флешмоб

19 мамырда 10.00 сағатта мектеп оқушылары «БІЗДІҢ МЕКТЕП БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!» жалпыреспубликалық буллингке қарсы флешмобқа қатысты, ол әр баланың қауіпсіздігіне балалардың саналы қарауына бағытталған.

    Категории

    • Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
Жазғы алаңдағы алғашқы кезең
30.06.2023
7.jpg
"Қарлығаш" сауықтыру лагерінде демалу
24.06.2023
7.jpg
Балалардың жазғы демалысы
15.06.2023
7.jpg
"Жас сарбаз" жорығы
13.06.2023
7.jpg
"Туған өлке" этноауылында
10.06.2023
7.jpg
Буллингтің алдын алу
07.06.2023
7.jpg
Жазда қауіпсіздікті сақтау
06.06.2023
7.jpg
Мемлекеттік рәміздер күніне
05.06.2023
7.jpg
Балаларды қорғау күні
01.06.2023
7.jpg
"Соңғы қоңырау" мерекесі
01.06.2023
7.jpg
Жазғы мезгілде жол ережелерін, қауіпсіз техникасының ережелерін сақтау
26.05.2023
7.jpg
"Біздің мектеп буллингке қарсы" жалпыреспубликалық флешмоб
19.05.2023