2023 жыл қорытындылары
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 2023 жылдың қорытындылары жасалды. Жыл бойы мектеп оқушылары байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындар алды.Жаңғырту бағдарламасы бойынша мектепте материалдық-техникалық база жаңартылды. Асханада жаңа электр плитасы, тоңазытқыш, мұздатқыш камерасы, ыдыс аяқ үшін сөрелер. Шағын орталыққа жаңа ойыншықтар алынған. Кітапханаға жаңа керемет кітаптар түскен.<br /><a href="https://youtu.be/RwN1eO7vH3o?si=MNevkIbiVH_kD8Ht">https://youtu.be/RwN1eO7vH3o?si=MNevkIbiVH_kD8Ht<br /></a>
Әкім атынан жаңажылдық қойылым
25 желтоқсанда 3 сынып оқушысы Сыщенко В. және 4 сынып оқушысы Веселов А. аудан Әкімінің атынан Жаңажылдық қойылымда Новоишим ауылында болды. Осы іс-шараның ұйымдастыруына қатысқандарға зор алғыс! Ең бастысы, балалар риза, оңды әсерлерге, сезімдерге толы, керемет сыйлықтар алды.
Петропавлдағы жаңажылдық мереке
23-24 желтоқсанда 7 сынып оқушысы оқу үздігі, олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері Қалымтай Мирас Петропавл қаласында жаңажылдық мерекеге қатысты. Кусаиновтар отбасы осы керемет және қызықты іс шара үшін алғыс білдіреді, осындай мүмкіндік сыйлағандарыңызға рақмет!!!
"Никотин.Әрекет жасаудың сырлары"
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде шылым шегудің, электронды сигареттер, вейптерді қолданудың алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 9 сынып оқушылары үшін “Никотин. Әрекет жасаудың сырлары” бейнені көру және оны соңынан талқылау арқылы ұйымдастырылды.
Гір көтеру спортынан аудандық жарыстар
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 11-сынып оқушылары аудандық гір көтеру спорты жарыстарына қатысты. Дарменов Арафат пен Мотов Георгий 15-17 жастағы катысушылар арасынан өзінің салмақ санатында «Бір гірді жұлқып көтеру” жаттығуында, «Екі гірді кеудеден серпу» жаттығуында жеңімпаз атанды.
"Қазақстандағы Код сағаты" акциясы 5,10, 11 сыныптар
4-10 желтоқсан аралығында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар апталығы" аясында "Қазақстандағы Код сағаты"акциясын өткізді. 5 желтоқсанда информатика пәнінің мұғалімі Дильдебаева В.С. 5,10,11 сынып оқушыларына тақырыптық сабақ өткізді.
"Қазақстандағы Код сағаты” акциясы 6-9 сыныптарда
Ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылықты арттыру үшін 6-9 сынып оқушылары "Дарын" РҒПО өткізген "Қазақстандағы Код сағаты” акциясына қатысты.
«Шығарма жазу: Болашаққа хат» Республикалық челленджі
2023 жылдың 13 желтоқсанында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Тоғыз ай – 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері «Шығарма жазу: Болашаққа хат» Республикалық челленджіне қатысты. «Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім», «Менің болашағым», «Менің болашағым елім үшін»тақырыптарында эссе жазды
