2025 жылдың 10 қаңтарында Рузаевка ауылында аудан мектептерінің оқушылары арасында өткен «Жас сарбаз» аудандық әскери-спорттық көпсайыс жарысында «АК-74 оқжатарын патрондармен уақыт аралығында жабдықтау» пәнінен жеке біріншілікте Алексей Кривощеков 2-орынға ие болды.
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығы қорытындылар бойынша ата-аналар қоғамдастығы алдында Қоғамдық тыңдаулар өтті.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де дебат клубының жетекшісі Төлепбергенова Н.Р. «Балалар ортасындағы буллинг дегеніміз не?» тақырыбында дебат өткізді. Балалар құрбылары арасындағы зорлық-зомбылық пен сыйламаушылық көріністерін сипаттайтын жағдайларды талдады.
Қысқы демалыс кезінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 9-сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында «Өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік» атты интеллектуалды ойын өткізді.
Қысқы каникул кезінде «Тоқсан би орта мектебі» КММ оқушылары денсаулықтарын нығайту үшін «Аяз бен күн – тамаша күн» атты шаңғымен сырғанау саяхатына шығады!