Отбасы күніне орай «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де отбасы құндылықтарының маңыздылығын арттыру мақсатында «Отбасылық альбом» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Адал азамат» тәрбиесінің бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында ата-аналар мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында «Жауапты ата-ана, ұстаз және» «Адал азамат» тәрбиесіндегі қауіпсіз мектеп» тақырыбында сыныптардың ата-аналар комитеттерінің алғашқы отырыстары өткізілді.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің педагог-психологы И.В. Григорьева ата-аналарды Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен регламенттелген психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысы туралы хабардар етті.