Күзгі демалыс шеңберінде “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 1-11 сынып оқушыларына “Күзгі бал” өтті. Әрбір сынып талаптанып, кеш тақырыбына сәйкес қызықты нөмір дайындады.
"Токсан би орта мектебі" КММ-де салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту, пікірталас жүргізу, өз өмірі үшін жауапты мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік педагог М. Г. Ремпель және ТЖ жөніндегі директордың орынбасары Л.В.Афанасьева 8 және 9 сынып оқушыларымен "Күмәнді ләззаттардың бағасы" дөңгелек үстел өткізді.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында "Токсан би орта мектебі" КММ-де Отанға, өз халқына, өз тарихына деген сүйіспеншілік арқылы Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі идеясын дәріптеу, оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру, Қазақстан Республикасының қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысу, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» БББҰ қатарына қабылдау бойынша салтанатты жиын өтті.
Қазақстан патриотизмін қалыптастыру, қазақ ұлттық құндылықтарын сақтау шеңберінде, ұлттық киімді насихаттау аясында «Ұлттық киім күндері» челленджіне қатыстық.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Тоқсан би орта мектебі» КММ 1-11 сынып оқушыларымен «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан!» атты сынып сағаттары өтті.
Тоқсан би орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу және теріс әлеуметтік әсерлерге тұлғаның төзімділігін арттыру мақсатында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Афанасьева Л.В., әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. және сынып жетекшісі Зайдензаль М.О. 6 сынып оқушыларына «Нашақорлық – пәленің белгісі» тақырыбында сабақ өткізді.
2024 жылдың 19 қазаны - Мектептің өзін-өзі басқару президентін сайлау күні. «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де сайлау өтті, нәтижесінде 11 сынып оқушысы Серік Әділхан мектептің өзін-өзі басқару Президенті болды.
16 қазанда «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі және бала үшін интернет-қатерлер» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.