20 қарашада "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде 9,11 сыныптардың оқушыларына "Түпкі деректерден: Солтүстік Қазақстанның сепаратистері" фильмін көру ұйымдастырылды.
"Бүкіл әлем мен үшін" онкүндігін өткізу кезеңінде "Тоқсан би орта мектебі" КММ-де "Спорт біріктіреді" ұлттық ойындары өткізілді. Үзілісте 5-11 сынып оқушылары тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат ойнады.
Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылған «Бүкіл әлем мен үшін» онкүндігінде 1-4 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Т.А. Филюкова мен К.С. Еримжанова «Көңілді үзілістер» ұйымдастырды.
5-6 сынып оқушылары Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысты. Смирнова Диана ағылшын тілі бойынша 3-орынды, Шмидт Артем Қазақстан тарихы бойынша 3-орынды иеленді. Парафейник Әлиханға жүлделі орынға бір балл жетпеді. Сіздерді лайықты нәтижелеріңізбен құттықтаймыз!
Іріктеу және аудандық кезеңдерден сәтті өткен 11 сынып оқушылары 2024 жылғы 29 қазан мен 1 қараша аралығында Петропавл қаласындағы ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Филюкова Мария ағылшын тілінен, Қалымтаева Алина орыс тілі мен әдебиетінен қатысты.
2024 жылғы 6-13 қараша аралығында "Токсан би орта мектебі" КММ-нде мемлекеттік аттестаттау аяқталды. Білім беру қызметі Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес келеді. Аттестаттау комиссиясы мектептің білім беру қызметтерін көрсету сапасының деңгейін анықтады – "Үлгілі”.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша "Токсан би орта мектебі" КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру қызметтерін көрсету сапасының деңгейі мектепке дейінгі сыныпта және "Айсұлу" шағын орталығында - “Жақсы” деп айқындалды, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес келеді.