14 ақпанда «За и против» пікірсайыс клубының командасы Қалымтаева Алина, Мотова Эллина, Қалымтай Мирас Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адалдық - адамгершілік белгісі» атты аудандық пікірсайыс турниріне қатысты.
14 ақпанда «Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің ТЖ бойынша директордың орынбасары Л.В. Афанасьева мен әлеуметтік педагог М.Г. Ремпель 5-11 сынып оқушыларының Неженка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы С.Т. Исмагуловпен кездесуді ұйымдастырып, есірткіге қарсы тақырыпта әңгімелесу өткізді, бірқатар бейнероликтер көрсетілді, онда адамның физикалық және психикалық дамуына, зердесіне, ұрпағына, әлеуметтік өміріне ауыр салдарларды көрсететін нақты мысалдар арқылы дәлелдеді.
Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне аға тәлімгер О.А.Муравьева интернационалист-жауынгерлерді еске алу және оларға деген құрметті тәрбиелеу мақсатында «Ауғанстан – тірі естелік» іс-шарасын өткізді.
7 ақпанда «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. балалардың құқықтық сауаттылығын дамыту, дұрыс мінез-құлық нормаларын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында 6-сынып оқушыларымен «Менің құқығым – менің жауапкершілігім».
2025 жылдың 7 ақпанында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын және «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру аясында балалар мен ата-аналар «100 әке 1000 бала» атты қар тазалау челленджіне қатысты.
Оқушылардың жеке қауіпсіздігіне саналы және жауапты көзқарастарын қалыптастыру үшін педагог-психолог И.В.Григорьева 5-сынып оқушыларымен «Бейтаныс адаммен қарым-қатынас тәртібінің ережелері» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізді.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. және директордың ТЖ-нан орынбасары Афанасьева Л.В. білім алушылардың жыныстық қарым-қатынаста адамгершілік құндылықтарды сіңіру, олардың физикалық және психикалық денсаулығына жауапкершілікті тәрбиелеу мақсатында «Өз өмірің өз қолыңда» атты әңгімелесу өткізді.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ЖОО-на түсу тәртібі бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында мектеп бітірушілер ағымдағы жылдың 5 ақпанында «Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті» ММ-мен кездесуге қатысты.