«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Западное-СК» ЖШС-нен әрбір бірінші сынып оқушысы мен мектеп алды сыныбының тәрбиеленушілеріне оқуды қуанышпен бастауға арналған сөмкелер мен мектеп жабдықтары салынған папкалар табыс етілді.
1 қыркүйекте «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де балаларды тәрбиелеу мәселелерінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ете отырып, ата-аналардың белсенді қатысуымен жаңа 2026-2027 оқу жылы салтанатты түрде басталды.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді дайындық курстары ұйымдастырылған, онда балалар есептеу, жазу дағдыларын үйренуді жалғастырады, ұсақ моториканы дамытады, құрдастарымен қарым-қатынас жасай алады, мұғалімді тыңдауға және мектеп тәртібіне үйренеді.
ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ! 2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында 1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді дайындық курстары басталады! «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ».
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің білім алушылары жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы учаскеде гүлзарларға, көкөніс жүйектеріне күтім жасап, қолайлы орта құруға өз үлестерін қосты.
"Қарлығаш" балалар білім беру - сауықтыру орталығында жалпыға бірдей білім беру қорынан "Токсан би орта мектебі" КММ білім алушылары үшін ұйымдастырылған жазғы демалыс аяқталды.
Мектеп жанындағы алаң жұмысы аясында отбасылық құндылықтарға арналған екі тақырыптық іс-шара өтті: «Отбасы балалар көзімен» киносағаты және «Менің бақытты отбасым» суреттер көрмесі.