Көктемгі демалыс кезінде сынып жетекшілері М.О. Зайдензаль, Л.А. Крот оқушылармен «Көңілді және тапқыр» атты байқау бағдарламасын өткізді, ол назарды, есте сақтауды, тапқырлықты дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және командада жұмыс істей білуге ықпал етеді.
Демалыс кезінде «Қазақстан қорықтары бойынша» бейне-экскурсиясы барысында 5-7 сынып оқушылары виртуалды саяхат жасап, еліміздің қорық табиғаты әлемімен танысты.
23 наурыз - Тазару. Наурызнаманың соңғы күні тазалықтың, ұлттың жаңа жылға жаңа ұмтылыстар мен үміттермен енуінің символы болып табылады. Мектеп оқушылары мен педагогтары аулаларды қардан тазартуға қатысты.
Дәл сағат 20.30-да «Тоқсан би орта мектебі» КММ ұстаздары мен оқушылары «Жер сағаты» акциясына қатысып, тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндірді.
Экология, климаттың өзгеруі және ресурстарды орынды пайдалану мәселелеріне назар аудару үшін «Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің оқушылары 22 наурызда өткізілетін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қосылды.
Наурызда «Западное-СК» ЖШС директоры Б.Қ.Қалдыбаевтың жүлдесіне волейболдан жарыс өткізілді. Әсерлі де құмарлы күресте «Тоқсан би орта мектебі» КММ түлектері - студенттер командасы жеңіске жетті. 2-орынды оқушылар командасы, 3-орынды ауыл спортшылары, 4-орынды гараж командасы иеленді. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде «Тоқсан би орта мектебі» КММ оқушыларымен Отанға деген сүйіспеншілікті, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуді тәрбиелеу, қуанышты мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында сынып сағаттары, викториналар, «Қош келдің, Наурыз!» зияткерлік ойындары өткізілді.