Жыныстық тәрбие мәселесіне дұрыс көзқарасты қалыптастыру, жыныстық қол сұғылмаушылықты сақтаудың маңыздылығын сезіну, ерте жүктіліктің алдын алу және жауапты мінез-құлық дағдыларын нығайту мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 7-9 сынып қыздарымен «Ашық әңгіме» тақырыбында сөйлесті.
18 сәуірде «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де білім алушылардың суға ұқыпты қарауын қалыптастыру, осы өмірлік маңызды ресурсты ұтымды пайдалану мақсатында «Суды үнемде - болашақты сақта!» экологиялық сағаты өткізілді.
17 сәуірде «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясында экологиялық, еңбекке баулу, қоршаған ортаға, шағын Отанға ұқыпты қарауға баулу мақсатында жалпы мектеп сенбілігі өтті.