
Образование
10.09.2025
«Тіл - халықтың жаны»
10 қыркүйекте «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік аясында ел халықтарының тілдері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Зайдензаль Марина Олеговна 5-9 сынып оқушылары арасында «Тіл - халықтың жаны» атты байқау өткізді. Оқушылар тақырып бойынша танымдық материалдарды іріктеп, ақпараттық газеттерді рәсімдеп, таныстырды.