5-7 сыныптар арасында Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған «Бәріміз әртүрліміз, бірақ біргеміз!» танымдық ойыны өтті.
2025 жылғы 28-29 қазанда № 1 Новоишим орта мектебінде 10 сынып оқушысы Серік Қаншайым мен 9 сынып оқушысы Қалымтай Мирас география пәні бойынша 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) турына қатысты.
№ 2 Новоишим орта мектебінде 2025 жылдың 29 қазанында 8 сынып оқушылары Данила Семенов пен Виктория Запорожец ауылдық мектептердің 8 сынып оқушылары арасында IQanat республикалық олимпиадасының аудандық турына қатысты.
Күзгі демалыста «Еңбек адал - жас өрен» жобасы аясында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де кәсіптік бағдарлаушы Е.Е. Борисов 8-9 сынып оқушыларына арналған «Кәсіптер әлемі» іс-шарасын өткізді.