"Токсан би орта мектебі" КММ-де ауданның аға прокуроры В. Н.Осиповамен жоғары сынып оқушылары үшін кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу бойынша ЗУМ конференциясы өтті.
Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жинақтау мақсатында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 8,9 сыныптарының оқушыларымен “Құқық сабақтары - өмір сабақтары” ойын-байқауын өткізді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтің құрбаны болған қазақстандықтар тәулік бойы 111-Amanat бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына жүгіне алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік хабарламалар арқылы да ұсынылатын болады.
"Токсан би орта мектебі" КММ-де күзгі демалыста "Жоғары адамгершілік өмір" эссе байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар-8, 10, 11 сынып оқушылары. Қазақ тілі бойынша 8 сынып оқушысы Серік Қаншайым байқауда 2 орын алды.Орыс тілі бойынша байқауға 8 сынып оқушылары - Маркова Татьяна, Төлепбергенова Руслана, 9 сынып - Қалымтаева Алина, 11 сынып-Қалымтаева Томирис қатысты. "Жоғары адамгершілік өмір" эссе байқауының барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
"Токсан би орта мектебі " КММ – де күзгі демалыс кезінде 5-6 сынып оқушыларымен “6 денсаулық жағдайы-таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліссіз” салауатты өмір салты бойынша іс-шара өтті.
Күзгі демалыс аясында "Токсан би орта мектебі" КММ-де 4 сынып оқушыларымен " Күз! Күз! Қонаққа шақырамыз!"Сынып жетекшісі Еримжанова К.С. іс-шара тақырыбына сәйкес келетін ойындарды таңдады. Балалар бірге үлкен қуанышпен уақыт өткізді.