“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 2023 жылдың қорытындылары жасалды. Жыл бойы мектеп оқушылары байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындар алды.Жаңғырту бағдарламасы бойынша мектепте материалдық-техникалық база жаңартылды. Асханада жаңа электр плитасы, тоңазытқыш, мұздатқыш камерасы, ыдыс аяқ үшін сөрелер. Шағын орталыққа жаңа ойыншықтар алынған. Кітапханаға жаңа керемет кітаптар түскен. https://youtu.be/RwN1eO7vH3o?si=MNevkIbiVH_kD8Ht
25 желтоқсанда 3 сынып оқушысы Сыщенко В. және 4 сынып оқушысы Веселов А. аудан Әкімінің атынан Жаңажылдық қойылымда Новоишим ауылында болды. Осы іс-шараның ұйымдастыруына қатысқандарға зор алғыс! Ең бастысы, балалар риза, оңды әсерлерге, сезімдерге толы, керемет сыйлықтар алды.