Күзгі демалыста “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде күн сайын оқушылар сынып жетекшілерімен ұжымдық шығармашылық істі өткізуге дайындалды. Ал міне - 2022 жылдың 3 қарашасында дәстүрлі “Күзгі бал” өтті. Әр сынып көркем нөмерлер көрсетті. Мереке жанға әсерлі, көңілді болды, барлығы белсенділік және әртістік қабілеттерін білдірді.
Демалыс күндерінде 2022 жылдың 2 қарашасында ұлдар мен қыздар топтары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Крот Л.А.-ның жетекшілігімен Урожайный ауылында футзал бойынша аймақтық жарыстарға қатысты.
Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнінің жоспары бойынша Тоқсан би орта мектебінде салтанатты сапқа тұру өтті, сынып сағаттары, теннис, футзал, тоғызқұмалақ бойынша мектепішілік жарыстар өткізілді, тақырыптық стендттер рәсімделді.
2022 жылдың 21 қазанында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-сі жанындағы «Айсұлу» шағын орталығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру: мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартылумен, балалардың оқыту мен тәрбиелеуге көзқарастың өзгерулерімен.
Психологиялық Онкүндігінің барысында Тоқсан би орта мектебінде “Мәңгілік құндылықтар” байқауы өтті. Жарыстық күресте әрбір сынып тобы әділқазылар алқасына таңдалған құндылықты көрсетіп, қорғады. Жеңімпаздар Мадақтамалармен марапатталды.
2022 жылдың 13 қазанында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің оқушылар тобы Привольное ауылында аудандық “Күзгі кросс” жарыстарына қатысты. Дарменов Арафат 3 шақырым қашықта жүгірді, Гартман Андрей - 2 шақырым, Запорожец Виктория, Кузнецова Вероника, Моргунов Алихан - шақырым. Жарайсың! 9 сынып оқушысы Быкова Кристина 2 шақырым жүгіруде ауданның 26 мектеп арасында 3 орын . Құттықтаймыз!
11 қазанда, Халықаралық қыздар күні, Тоқсан би орта мектебінде мерекемен таныстыру және қыздардың өздеріне құрметпен қарауын тәрбиелеу мақсатында “Қаттырақ күлімсіреңдер, қыздар!” сайыс ойыны өткізілді.
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің өзін-өзі басқаруының “Экология және еңбек” фракциясының мүшелері “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” экологиялық акциясына белсенді қатысты. Балалар мектеп жанындағы күзгі жапырақтарды және ауыл көшелеріндегі қоқысты жинады. Кіші жастағы оқушыларға табиғатқа аялы көзбен қарау туралы буклеттер берілді.