Пікірталас клубының мүшелері Мотова Э. мен Филюкова М. Zoom арқылы аудандық турнирге қатысты. Пікірталас - интеллектуалды ойын, ол пікір сайысының ерекше түрі болады, белгілі ережелер бойынша жүргізіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=G5bvmGWlCZY Республикалық"Сүйемін сені, Қазақстаным!"байқауы аудандық кезеңінде 3 сынып оқушысы Нурмамадов Амир 1орын алды. Мектептің Yotub-арнасында видео жарияланған.
Ғабит Мүсірепов - қазақ драма өнерінің хас шебері. Махаббат эпосына драматург көп өзгерістер енгізді, өз шешімін тапты. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің 9-сынып оқушылары Ғабит Мүсіреповтың " Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" пьесасы бойынша қойылымын қос анаға арнады.
Тоқсан би орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Акциясы аясында 5-10 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылыққа - ЖОҚ!" үгіт-насихат жұмысы өткізілді.
10-сынып оқушысы Калымтаева Томирис республикалық "Жыл оқушысы" байқауының аудандық кезеңінде 10-11 сыныптар тобында 2 орын алды. Байқау үш кезеңнен болды: өзін-өзі таныстыру, эссе және шешендік шеберлік сайысы. Құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
IQanat қоры Қазақстанда ауыл оқушыларына сапалы білім алуға көмектеседі. 2022 жылдың 8 қарашасында 8-сынып оқушылары Григорьев Артём, Бенга Артём ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты.
Рымарчук В.Г. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің кәсіподақ комитетін 15 жылдан астам уақыт басқарады, оның педагогикалық өтілі 37 жыл құрайды. Валентина Георгиевна көпжылдық ерең еңбегі үшін тамыздық конференциясында ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 6 қарашасына дейін Discovery Borovoe шипажайына жолдамамен марапатталды.