Шахмат ойыны - ежелгі интеллектуалды ойын, логикалық ойлауға, талдауға үйретеді. 12 сәуір күні “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің педагогтары мен оқушылары “Шахмат ойыны” республикалық челленджіне қатысты.
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде 5 сәуір күні оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың төтенше жағдайлар кездерінде оқу жаттығуы өтті. Бұл оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың дайындығының Бірыңғай күні.
9-сынып оқушылары Калымтаева Алина, Мотова Эллина, Филюкова Мария пікірталас турнирінің аудандық кезеңіне қатысып, қорытындысында үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Наурыз мейрамы келді. Мерекелік бағдарламада қазақ және орыс тілдерінде әндер, өлеңдер орындалды. Барлық ұлттық дәстүрлер сақталды. Наурызды тойлау кезінде спорт жарыстары, ұлттық ойындар өткізілді.
Ұлттық әдет-ғұрып мен дәстүрлерді сақтауға арналған "Жоралғы күні" 5-10 сыныптар оқушылары қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің орындауында "Көрұғылы", "Әлқисса", "Балбырауын", "Сары Арқа" күйлерін тыңдады.
Наурызды тойлау қарсаңында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің оқушылары Муравьева О.А. мен Бейсенова К.Т. педагогтардың жетекшілігімен “Балалар мен театр” жобасы бойынша домбыра туралы аңыз көрінісін жасады.
Халықаралық әйелдер 8 наурыз күні оқушылар мен шағын орталықтың тәрбиеленушілері өздерінің аналарын, әжелерін, қарындас-сіңілілерін мерекелі концерт арқылы құттықтады. Барлық сыныптар керемет нөмерлер дайындап, жаңғырта және шың көңілмен сахнаға шықты.