12 мамырда мектепте білім беру мекемесінің лаңкестікке қарсы қорғанысына бағытталған оқулар ұйымдастырылды. Мектеп қызметкерлері мен оқушылар қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен алгоритмдерін орындады. Оқулар барысында 10.04.2023. орнатылған сөйлеу арқылы хабарлау пайдаланды. Ғимараттан шығу жылдам және үйлесімді өтті.
2023 жылдың 27-сәуірінде СҚО “ Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар мен әдістемелік жұмыс орталығы” өткізетін облыстық “Сенімді тұтынушы” олимпиадасының аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Қалымтай Мирас, 7-сынып оқушысы Дильдебаев Таир, ең үздік нәтиже көрсетіп, 1-орын алды, 9-сынып оқушысы Григорьев Артем 3-орынға ие болды. 4-мамыр күні Петропавловск қ. облыстың 33 оқушылары арасында Қалымтай М. - 2-орын, Дильдебаев Таир грамотаны алды. Жүлдегерлерді дайындыған информатика пәнінің мұғалімі Дильдебаева В.С.
Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне мерекелік іс-шаралар өтті. Педагогтар мен оқушылар “Соғыс әуендері” әдеби-музыкалық құрылымын дайындады. Әр сынып Отанымыздың ерлік тарихына арналған көркем нөмер көрсетті. Іс-шараның әрбір қатысушысы өнер көрсетуге эмоционалдық үн қосты. “Жас Ұлан” ұйымының мүшелері салтанатты түрде Азат жауынгері ескерткішіне гүлтәжін қойды.
4 мамыр күні сағат 11.00-де мамыр мерекелері қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен "Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант өтеді. Диктант жазушылардың жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды.
Тоқсан би орта мектебінде 8-10 сыныптардың оқушыларына олардың бір-біріне достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу іс-шарасы өтті.
20 сәуірде ауыл оқушыларына арналған iQanat олимпиадасының Петропавл қ. өткен облыстық турының қорытындылары жүргізілді, оған Новоишим ауылында 08.11.2022 жылы өткен аудандық турына 8 cынып оқушысы Григорьев Артём қатысты. Артём 18 маусымда Астана қ. олимпиаданың финалына қатысады.
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 3-14 сәуір аралығында “Қауіпсіз терезелер” республикалық ақпараттық науқан шеңберінде, ол мүмкін болатын қасіреттердің болдырмауына бағытталған, ата-аналар мен балалармен түсіндіру жұмысы өткізілді.