"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің 4-сынып оқушысы Диана Смирнова "Қарлығаш" балаларды сауықтыру лагерінде демалды. Бірінші кезеңнің бағдарламасында көптеген қызықты іс-шаралар және тренингтер болды. Диана демалысына риза және оңды сезімдерге толы.
5 маусымнан балаларды жазғы демалыспен қамту үшін мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Күн сайын педагогтар таза ауада қызықты ойындар өткізеді, шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қатынас дағдыларын, топта өзара әрекеттесу біліктілігін дамытады.
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде жаз демалыс шеңберінде туристік дағдыларды алу, қоршаған ортаны тереңірек зерделеу қызығушылықты қалыптастыру үшін бір күндік "Жас сарбаз" жорығы өтті.
2023 жылдың 10 маусымында мектеп оқушылары Новоишим елді мекендегі "Туған өлке" этноауылында болды, ол балаларды қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысына, оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне бейімделуге ұйымдастырылған.
Оқу жылы бойы, жоспарға қарай, оқушылар арасында буллингтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Тұлғааралық қарым-қатынастарда жанжалдардың алдын алу мен толеранттылықты арттыру үшін 8-10 сыныптарға “Жасөспірім арасында буллингтің алдын алу” практикалық сабағы өтті. Психикалық зомбылыққа, буллингке жағымсыз қарауды қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушылары үшін “Адамгершілік заңы әр адамның ішінде” дәрісі өткізілді. Балалармен буллинг түрлері, қудалау түрлері қарастырылды, буллингке қарсы тұру нұсқаулықтары, пайдалы кеңестер, оқуға кітаптар тізімі берілді.
Жазғы демалыс кезінде оқушылардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында білім алушыларымен қауіпсіздік техникасын, жол жүру ережелерін сақтау, суда, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өзін ұстау ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.
Мемлекеттік рәміздерін тойлау бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде "Білімім - байрағым мен ұраным!" ашық сабақтар, "Мемлекеттік рәміздер - ұлттың айшықты таңбасы!" сынып сағаттары өтті.
1маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні демалыс мезгіліндегі балалардың қамтылуы мен жазғы демалуын ұйымдастыруға арналған мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Шағын орталықтың тәрбиеленушілері мен 1-6 сынып оқушылары қызықты сайыстар мен эстафеталарға белсенді қатысты. Мерекеге қатысушыларды ерекше қонақтар бойлы қуыршақтар қуанышқа бөледі. Балалар барынша жемістер, тәттілер, шырындардың дәмін рақаттанып татты. Іс-шараның демеушілері "Западное-CҚ" ЖШС, "Агро-Беркут" ЖШС-не үлкен рақмет!