2023 жылдың 13 желтоқсанында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Тоғыз ай – 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері «Шығарма жазу: Болашаққа хат» Республикалық челленджіне қатысты. «Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім», «Менің болашағым», «Менің болашағым елім үшін»тақырыптарында эссе жазды
"Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" Халықаралық акциясы аясында 5-11 сынып оқушылары "Қыздар мен әйелдерді сақтаңыздар!" акциясына қатысты.
Әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 10 сынып оқушыларымен "Адам құқықтары туралы әзілмен де, байыпты да" танымдық ойынын өткізді. Балалар өздерінің құқықтары туралы жақсы білімдерін, құқықтық жағдайларды талдау қабілеттерін көрсетті.
"Токсан би орта мектебі" КММ-нде жас мамандары ағымдағы жылғы 17 қарашада Новоишим ОМ-де “Lesson Study педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру құралы ретінде " атты аудандық семинарға қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 20 қарашада 11:00 сағатта Жалпыреспубликалық “Еркін демал!” флешмобына қатысу ұйымдастырылды.
"Токсан би орта мектебі" КММ-де ауданның аға прокуроры В. Н.Осиповамен жоғары сынып оқушылары үшін кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу бойынша ЗУМ конференциясы өтті.
Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жинақтау мақсатында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 8,9 сыныптарының оқушыларымен “Құқық сабақтары - өмір сабақтары” ойын-байқауын өткізді.